Қуғын салды

lat: Qýǵyn saldy

а) Соңынан қуғын жіберді, қуды.

Я, соңына қуғын сап ұстауға Жәукені жіберді (Ш.Хұсайынов, Таныс адам.).

Ақырында Төбет ауырып жатқан Күшікбайдың ауылын шауып, атын алып кетеді. Күшікбай ызаға шыдай алмай қуғын салайын деп жүріп, дерті меңдеп, айдалада қалады («Қаз. әдеб.»).

ә) Қудалады, соңына түсті.

Осы екеуінің қуғын салуына байланысты мектеп директоры мен оқу ісінің меңгерушісі мені жұмыстан шығарды (М.Қосшығұлов, Шындық.).

Жағаласып жүргенде «солдаттан қашқан» деп арыз беріп, артыма қуғын салды («Қазақст. әйелдa..»).